Читать реферат по литературе: "Кадыр Мырзалиев" Страница 3

назад (Назад)скачать (Cкачать работу)

Функция "чтения" служит для ознакомления с работой. Разметка, таблицы и картинки документа могут отображаться неверно или не в полном объёме!

қаздай тізілтіп он кітап берді: «Ақ отау», «Бұлбұл бағы», «Ой орманы», Дала дидары», «Көкпар», «Жерұйық», «Қызыл кітап». Мұның бәрі, әрине, қолыңыздағы таңдамалы томдарға сыйған жоқ. Ал сыйған кітаптардың бірі болмаса біріне аздап көз тоқтатқанның өзінде де әрқайсысының шежірелік мағынадағы шалқар мазмұн тұтыстығы, симфониялық сипаттағы сұлу композициялық құрылымы адам таң қалғандай. Сонымен қатар бұлар жеке-жеке тұрғанда ақынның ондаған жыл бойы үздіксіз өнуін, өрбуін, өсуін көрсететін эволюциялық сатылар секілді де, бәрі қосылғанда тамаша таланттың өзгеше творчестволық тұлғасын айрықша ақындық мінезін сайып келгенде, ұланғайыр әсемдік әлемін қалыптастырған. Айталық, «Ой орманы». Бұл кітап үшін кезінде Қадыр Мырзалиевке Қазақстан комсомолының берілгені мәлім. Мұның өзі тегін емес-ті. «Ой орманы»-автордың азаматтық келбетін танытқан кітап. Мұнда Қадырдың ешкімге ұқсамайтын айрықша өз бітімі мен мінезі бар. Ақындық бітім, ақындық мінез мағынасында айтып отырмыз. Кітаптағы өлеңдердің тақырыбы мен мазмұны-адам, адамға тән алуан түрлі сезімдер, ойлар, толғаныстар, адамның өмірге көзқарасы, адамның табиғатқа қарым-қатысы, сайып келгенде, адамның тағдыры мен тіршілігі. Бұлардың қай-қайсысы да тақырып-мазмұн ретінде жаңалық емес, сан рет толғанған сырлар, жырланған шындықтар, әбден шиыр болған тақырыптар мен мазмұндар. Бірақ осы тақырыптар мен мазмұндардың қандайы болмасын Қадырдың жырлауында жаңа қырынан, бұрын-соңды ешкім айтпаған мағынада, тың пішінде көрінеді. Мәселен, бір өлеңде «биікке шықпағандардың ьиіктен құламайтыны» оқыс айшықпен ойнақы кестеленіп, бір өлеңде «қателесем деп қорқудың өзі-қателік» екені ұтымды жеткізілсе, енді бір өлең даңқ туралы; даңқ деген де бір шың секілді, шың басына шыға алмай, «етекте қалғандардың іші күйсе, басына шыққандардың басы айналатынын» майда, жұмсақ юмормен аңғартады. Осылардың бәрі әшейін ауызекі айтыла салмайды, әсем өрнекпен, ақындық шабытпен шебер айтылуының үстіне, әр оқушының өзі ойлап, іздеп тауып алғандай құпия сырмен, қызық астармен айтылады. Өлеңнің ойлылығы дегеннің өзі осы емес пе? Әрбір шын мәніндегі суреткер секілді Қадырдың да кешегі жыры-Адам туралы болатын, бүгінгі жыры да-Адам туралы, ертеңгі жыры да – Адам туралы болмақ. Ал адам, оның тағдыры тіршілігі әдеби шығармада әрқашан белгілі бір уақыт пен кеңістікте көрсетілуі шарт. Демек, Қадырдың Адамы да мезгіл-мекенсіз әлдебір абстракциялық нәрсе емес. Сондықтан Мырзалиев поэзиясына үзілмейтін өзекті желі боп тартылып, жан-жақты ашыла суреттеліп, жиңақтала тұлғаланып келе жатқан бір күрделі образ бар. Ол қазақ даласының образы. Осынау шетсіз-шексіз кең далаға, өзінің туған даласына Қадыр»Ой орманында» бір бөлім арнап айрықша бір мол шабытпен көкірегін кере, мақтана сөйлеп;»Уа, дала! Кеңдігіңе тамсандым көп, айта алман бәрін жазып тауса алдым деп. Сен алып-алып пластинка дөңгеленген, инең бол тұрады ылғи ән салғым кеп!»-десе, соның іс жүзіндегі дерегі секілді келесі кітабын түп-түгел далаға арнап, тұп-тура «Дала дидары» деп атады. «Дала дидары»-Қадыр ақындағының жаңа белесі, тың өрісі. Бұл кітаптың, яки кітапқа енген жүз өлеңнің бір ғана көркемдік құны мен идеялық қасиетін бір сөзбен айтсақ, үндестік деуге болар еді. Александр Блок ақынның ақындағы-үндестік деп ұққан және осы ұғымын терең теориялық

Похожие работы

 
Тема: Кадыр Мырзалиев
Предмет/Тип: Литература (Реферат)
 
Тема: Абду-л-Кадыр
Предмет/Тип: История (Реферат)

Интересная статья: Быстрое написание курсовой работы