Читать реферат по литературе: "Кадыр Мырзалиев" Страница 2

назад (Назад)скачать (Cкачать работу)

Функция "чтения" служит для ознакомления с работой. Разметка, таблицы и картинки документа могут отображаться неверно или не в полном объёме!

ешқашан арман таусылмақ емес. Ардан туған адам әрқашан арман қуады және арман қуудан жалықпайды, туғаннан өлгенге дейін қуады және сол арманның шегіне жетпейді, жетсе де жеткенін сезбейді. «Арманым жоқ дейтіндер» қателеседі, яки өтірік айтады. Адамның арманы болмаса, ертеңі болмағаны; арманы бітсе, ертеңі, бітеді, мақсаты түгесілгені; арманның таусылған жері-адамның өлген жері. Саналы кісіге мұның өзі сабақ екені рас. Үлкен мықтылық иесінің бірі-Қадыр. Дәлірек айтқанда, Қадырдың қадірі-мықтылығанда. Қадырдың мықтылығының бір дәлелі: Қадыр өлең өлкесіне күйбеңсіз, кібіртіксіз, тіпті ешқашан ешбір жаттығу жасамағандай бірден кәнігі шебер қалпында келеді. Мұны біз тұңғыш рет Қазақ университетіндегі Әуезов аудиториясында танып-білген едік. Күні кеше «сөз сиқырын» үйреткен шабытты шақтарда Ұлы ұстаздың өзі шынтақ сүйеген биік мінбеге киіктің асығындай ғана шып-шымыр қара бала жүгіріп шыққан емес, тура шиырылып түскендей...дік етіп алшысынан тұра қалды да, ағытыла жөнелді: «Адам жылап туады, жатады жұрт жұбатып,

Және жылап өледі, өзгені де жылатып.

Жылайтыны туа сап,-жамандар бар қинайтын,

Жылайтыны өлерде,-жақсылар бар қимайтын» Жым-жырт тұна, тына тыңдаған дүйім жұрт кенет ду-ду етіп, зал іші самал шайқаған көлдей теңселді де кетті. Жұрттың бәрі бір деммен тыныстады. Әлгі шумақты тыңдаған әр адамға қас пен көздің арасында бұрын ешкім айтпаған бір сыр айтылып, ешкім ашпаған бір шындық ашылды да қалды. Өлең әркімді өзінің өзгеше философиялық тереңіне тартып, оқыс ойға шомдырды да қойды.Жаным-ау, жанартау ғой мынау – деп қақты көп ішінен бір білгіш.-Жаңғалы, жалындағалытұрған жанартау ғой! Дәл осы тұста Қадыр да дәл осыған үндес тағы бір тылсым сыр ашып, тағы бір қызық түйін тұрған: «Жанартаудың сөнгендері-даңқты,

Атылмаған жанартаулар-қауіпті» Енді жұрт дуылдамай, үнсіз ойланды. Тағы да сыр, тағы да шындық. Әркім-ақ айтуға болатын, бірақ айтылмаған сыр; әркім-ақ ашуға болатын, бірақ ашылмаған шындық. Жалғыз-ақ тыңдаушылар осыны табан аузында талдап түсініп отырған жоқ, тамсана түйсініп отыр еді... Сол кештен күні бүгінге дейін Қадыр-ақын қалың оқырманын таңдадырудан, тамсандырудан бір жаза басып көрген жоқ. Неге? Асылы, адам әдебиетке сұлудың бұрымындай өрілген екі мақсатпен келеді: бірі-өзінен бұрын ешкім айтпағанды айту; екіншісі-өзге ешкімге ұқсамай, тек өзінше айту. Осы екі мақсат орындалған жерде ғана шын мәніндегі әдеби туынды бар. Шын мәніндегі әдеби туынды дегеніміздің, Леонид Леонов айтқандай, мазмұн жағынан жаңалық ашу, пішін жағынан өнер табу болатын себебі де сондықтан. Енді турасына көшсек, мүбәда қазақ поэзиясына осы ғасырдың орта тұсынан өте бере келіп, соңғы жылда тек қана өзіне тән өзгеше мазмұнын ашқан, тек қана өзіне тән өзгеше пішінін тапқан шын мәніндегі шынайы талант екеу болса-бірі, біреу болса-өзі-Қадыр Мырзалиев.Бір кезде өзінің түлеп ұшқан ұясы Қазақ университетіндегі Әуезов аудиториясы ғана білетін кәдімгі бала Қадырдың бүгінде бүкіл елі-туған халқы тұтас таныған қадырлы дана Қадырға айналу себебін де дәл осы арадан іздеген жөн. Демек, қазіргі қазақ поэзиясын көп дауысты, қуатты оркестр десек, мұның құрамындағы Қадыр музыкасының қайталанбас өз үні, машығы мен мәнері, айшығы мен өрнегі бар; Қадыр лирикасының сыңғыры бөлек, сыры терең. Қадыр Мырзалиев соңғы ширек ғасырда қатарынан


Похожие работы

 
Тема: Кадыр Мырзалиев
Предмет/Тип: Литература (Реферат)
 
Тема: Абду-л-Кадыр
Предмет/Тип: История (Реферат)

Интересная статья: Основы написания курсовой работы