Читать реферат по бухучету, управленческому учету: "Е бека ыны бухгалтерлік есебін йымдастыруды жетілдіру жолдары" Страница 2

назад (Назад)скачать (Cкачать работу)

Функция "чтения" служит для ознакомления с работой. Разметка, таблицы и картинки документа могут отображаться неверно или не в полном объёме!

болып еңбекке ақы төлеу мөлшері мен өзге де шарттарының көрсетілуі саналады.

Кодекстің 121-бабына сәйкес қызметкердің айлық жалақысының мөлшері қызметкердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына және сапасына, сондай-ақ еңбек жағдайларына қарай сараланып белгіленеді.

Еңбек пен еңбекақы есебінің міндеттері:

    Өндірілетін өнімдер мен істелінетін жұмысқа кеткен еңбек пен оған төленілетін еңбекақы мөлшерін дұрыс анықтау.Еңбек өнімділігінің өсімін бақылау.Жұмсалған еңбектің саны мен сапасын бақылау.Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшін еңбекақы қорынан, қоғамдық тұтыну қорынан және тағы басқа қорлардан бөлінетін қаржыларды бақылау.Жұмысшы және қызметкерлермен уақтылы дұрыс есеп айырысу.Өндіріске жедел басшылық жасау үшін тиісті мәліметтер алу.Еңбек және еңбекақы жайлы статистикалық және бухгалтерлік қорытынды есеп беру.

Сонымен қатар еңбек пен еңбекақы есебін ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру үшін мынадай жағдайлар қажет:

1. Еңбектің өнімділігі мен орындалған жұмыстың көлемін ұлғайтуға ынталандыратын еңбекақының тиімді түрлерін кеңінен қолдану.

2. Еңбек пен өндірісті басқарудағы ғылыми жолмен басқарудың типтелген прогрестің құрылымын қолдану.

3. Еңбекақы төлеудің сыйлық беру жүйесімен басқа да түрлерін жұмыстағы жетістіктермен тығыз байланыстыра отырып, дұрыс қолдану.

4. Еңбек пен еңбекақы есептеуде осы күнгі талаптарға сай есептеу мен ұйымдастыру техникаларын қолдану, алғашқы есеп жүйесін жетілдіру мен жеңілдету.

Курстық жұмыстың мақсаты - нарықтық экономикада еңбек ақыны ұйымдастырудың теориялық аспектілерді жалпылау, ерекшеліктерін зерттеу, сондай-ақ қызметкерлермен есеп айырысу жолдарын анықтау. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін төмендегі міндеттер орындалады:

- Еңбекақыны ұйымдастырудың теориялық негіздерін анықтау;

- Қызметкерлермен есеп айырысу есебі;

- Еңбекақыны төлеудің жетілдіру жолдарын қарастыру.

Курстық жұмыстың өзектілігі – қазіргі кездегі кәсіпорындардағы еңбек ақыны төлеудіңақы жолдарын қарастыру.

Курстық жұмыстың құрылымы – кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттерден тұрады.

Кіріспеде – курстық жұмыстың мақсаттары мен міндеттері туралы жазылған. Бірінші бөлімінде еңбек ақы түрлері, жүйесі, нысаны, есептеу тәртіптері, ұсталынатын ұсталымдары туралы талқыланған. Екінші бөлімде Қызметкерлермен есеп айырысу туралы айтылған.

1. Еңбекақыны ұйымдастырудың теориялық негіздері

1.1 Еңбекақы түрі, жүйесі, нысаныЕңбек төлемінің нысаны. Жалақы — бұл еңбек үшін төлем, оны еңбек келісім-шартында және қызмет нұсқауында белгіленген көлеміне сай еңбеккерлер орындаған жұмысы үшін алады.

Еңбек тиімділігін арттырудың әртүрлі ынталандыру жолдары бар, атап айтқанда: сыйлық, үстеме, кепілдік төлемдері. Жұмыс беруші нақты жағдайын ескере отырып, “Еңбек ақы төлеу туралы” ережесін дербес әзірлей алады, сондай-ақ онда еңбеккерлердің категориясын, жұмыс уақытының тәртібін, “Қызметкер туралы” ережесін белгілей алады. Аталған ереже жұмыс берушіге еңбек тәртібін ұйымдастыру мен еңбек келісім-шартын жасау үшін де қажет. Төлем жеке немесе ұжымдық еңбек нәтижесі бойынша жасалуы мүмкін.

Бұл жағдайда жұмыс берушінің белгіленген


Интересная статья: Основы написания курсовой работы