Читать реферат по бухучету, управленческому учету: "Е бека ыны бухгалтерлік есебін йымдастыруды жетілдіру жолдары" Страница 3

назад (Назад)скачать (Cкачать работу)

Функция "чтения" служит для ознакомления с работой. Разметка, таблицы и картинки документа могут отображаться неверно или не в полном объёме!

жалақысының деңгейі заңда белгіленген ең төменгі жалақының деңгейінен төмен болмауы керек.

Жалақы екі түрге бөлінеді:

- негізгі;

- қосымша.

Негізгі – бұл қызметкерлерге нақты жұмыспен өтеген уақыты үшін, орындаған жұмыстары мен өнеркәсіптік өнімдерінің саны мен сапасы үшін белгіленген бағалаулар мен қызметақы бойынша есептелетін жалақы. Оның құрамына:

- жұмыс істеген уақытына тарифтік ставкалар, қызметақы, кесімді бағалаулар немесе орташа табыстар бойынша есептелген жалақы;

- қызметпен өткерген жылдар үшін үстеме;

- жұмыс жағдайының өзгеруіне байланысты кесімді ақы алушыларға үдемелі бағалаулар бойынша қосымша ақы;

- ақшалай және натуралды сыйақылар және сыйақы берудің бекітілген тәртібіне сәйкес төленген сыйақылар, қосымшалар.

- мерзмінен тыс уақыттағы жұмыс үшін қосымша ақы;

- түндегі жұмыс үшін қосымша ақы;

- жұмысшының кінәсі жоқ тыс жағдайда тұрып қалуға төленетін төлемдер.

Қосымша - бұл қызметкердің кәсіпорында жұмыс жасамаған уақытына Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес есептелетін жалақы. Қосымша жалақының құрамына кіретіндер:

- балаларын тамақтандырушы аналардың жұмысындағы үзіліс уақытына төлем;

- жасөспірімдердің жеңілдік сағаттарына төлем;

- мемлекеттік және қоғамдық міндеттемелерді орындауға жұмсалған жұмыс уақытына төлем;

- негізгі және қосымша демалыстар уақытына төлем;

- пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы;

- шыққанда берілетін жәрдемақы.

Өндіріс пен құрылыста халық шаруашылығының басқа да салаларында еңбекақы есептеудің және оны төлеудің мерзімді және кесімді деп аталатын 2 нысаны қолданылады.

Мерзімді еңбекақы нақты істеген уақыты үшін еңбекақының мөлшері немесе тарифтік мөлшерлемесі бойынша еңбеккерлерге есептелетін жалақының нысанын атайды.

Мерзімдік еңбекақының нысаны жай-мерзімділдік және сыйақылық-мерзімділік болып бөлінеді.

Жай мерзімділік жүйесінің кезінде өзіне берілген тарифтік мөлшерлемесі немесе нақты істеген уақыт бойынша еңбеккерлерге еңбекақы есептейді. Практикада осы табыстарды есептеудің 3 түрлі әдісі қолданылады:- сағаттық;

- күндік ақы;

- айлық ақы.

Енді осы жүйеге сандық және сапалық көрсеткіштері үшін қосымша еңбекақы сыйақылы-мерзімділік төлем болып табылады.

Кесімді еңбекақы төленген кезде алдын-ала белгіленіп қойған деңгейде әзірленген өнімнің немесе орындалған жұмыстың әрбір бірлігіне есептейді (дана, т, цн, килограмм т.б.). Кесімді еңбекақы нысаны келесідей еңбекақы жүйесіне бөлінеді:

Тікелей кесімді еңбекақы жүйесі әрбір өнім бірлігі бойынша бағасын қою арқылы белгіленеді;

Кесімді-сыйақылық - бұл қосымша марапттау төлемін қарастырады, белгіленген көрсеткішті орындаған кезде ғана пайдаланылады;

Кесімді-прогрессивті (үдемелі) еңбек ақы төлемі. Еңбек төлемінің бұл жүйесі жұмысшылардың белгіленген нормадан тыс артық өндіргені үшін көтермелеу ретінде пайдаланылады. Норма мөлшерінде дайындалған өнім үшін жұмысшыларға төлемді тікелей кесімді бағалар бойыншща есептейді, ал нормадан асыра дайындалған өнім үшін үдемелі (прогрессивті) бағалар бойынша есептейді.

Жамана кесімді еңбекақы төлемі. Мұнда қосалқы және басқа да жұмысшылардың еңбек төлемі қызмет көрсететін учаскесінің, цехтың негізгі жұмысшыларының төлем-ақысына шаққандағы