Читать курсовая по логистике: "научные сатьтиа" Страница 1

назад (Назад)скачать (Cкачать работу)

Функция "чтения" служит для ознакомления с работой. Разметка, таблицы и картинки документа могут отображаться неверно или не в полном объёме!

Шымкент қаласы білім бөлімі №139 ЖОББМ Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдердің салыстырмалы талдауы Окушы: Махсатова Зайнаб Кудратовна

Сынып/Мектеп: 9 – Ә / №139 ЖОББМ

Секциясы: Тіл білімі

Жетекші: Хадиметова Зебо Кулниязовна Шымкент қ.

2025 ж Жұмыстың мазмұны: І. КІРІСПЕ..............................................................................................4 ІІ. Әдеби шолу…………………………………………………………5 ІІІ. Зерттеу әдістері……………………………………………………7 ІV. НЕГІЗГІ БӨЛІМ: …………………………………………………9 4.1 Қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерінің құрылымдық ерекшеліктері 4.2 Мазмұндық және тақырыптық салыстыру 4.3 Мағыналық аспектілер мен мәдени ерекшеліктер V. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ……………………………………………22 VI. ПАДАЛАНЫЛҒЫН ӘДЕБИЕТТЕР ..............................................24 Жұмыстың негізгі мақсаты

Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдердің құрылымдық, тақырыптық және мағыналық аспектілерін салыстыра отырып, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін, мақал-мәтелдердің лингвистикалық ерекшеліктерін, тақырыптық мазмұнын, қолданылатын образдар мен тұрақты тіркестерді талдау жоспарлануда.

Бұл ғылыми жоба қазақ және ағылшын мәдениеттерінің өзара байланысын, олардың дүниетанымын көрсететін маңызды зерттеу болмақ. Жұмыстың өзектілігі

Қазіргі әлемдегі жаһандану үдерісінің қарқынды дамуымен бірге түрлі мәдениеттер мен тілдердің өзара қарым-қатынасы күшейе түсуде. Мақал-мәтелдер – халықтың рухани байлығы әрі ұрпақтан ұрпаққа жеткен салт-дәстүрлердің бір көрінісі. Олар арқылы халықтың дүниетанымы, өмірлік ұстанымдары мен тәрбиелік мәні ашылады. Зерттеудің өзектілігі оның қазақ және басқа да тілдердегі мақал-мәтелдердің салыстырмалы талдауына негізделген. Бұл жұмыс арқылы екі мәдениеттің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтап, олардың дүниетанымын тереңірек түсінуге мүмкіндік туады. Сонымен қатар, мақал-мәтелдердің лингвистикалық және мәдени аспектілерін зерттеу қазіргі кезеңде тіл және мәдениетаралық қатынастарды дамытуға, ұлттық идентичтікті сақтау мен нығайтуға маңызды үлес қосады. Кіріспе

Қазақстан мен әлем халықтарының мәдениеті мен тілі — олардың өмір салты, дүниетанымы және құндылықтары туралы маңызды ақпарат беретін негізгі құралдар. Сол себепті халықтар өздерінің салт-дәстүрлері мен өмірлік қағидаларын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу үшін мақал-мәтелдерді кеңінен пайдаланады. Мақал-мәтелдер халықтың өмірлік даналығы мен тәжірибесін жинақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін ауызша шығармашылықтың ерекше түрі болып табылады.

Қазақ халқының мақал-мәтелдері – олардың ұлттық дүниетанымын, өмірлік ұстанымдарын, дәстүрі мен әдет-ғұрпын көрсететін маңызды мәдени құндылықтар. Ал ағылшын тілді халықтар да өздерінің мақал-мәтелдері арқылы өмірлік даналық пен тәжірибесін білдіреді. Бұл екі мәдениеттің мақал-мәтелдерін салыстыра зерттеу олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтауға, әр мәдениеттің ерекшеліктерін терең түсінуге мүмкіндік береді.

Қазіргі жаһандану дәуірінде ұлт мәдениетін сақтау, сонымен қатар басқа мәдениеттермен интеграциялау өзекті мәселеге айналды. Осы тұрғыда салыстырмалы лингвистикалық талдау жүргізу арқылы екі түрлі мәдениеттің дүниетанымында


Интересная статья: Быстрое написание курсовой работы