Читать диссертация по математике: "ЖАЗЫ?ТЫ?ТА?Ы САЛУ ЕСЕПТЕРІНІ? ШЕШІМДЕРІНІ? БАР БОЛУ ШАРТТАРЫН ЗЕРТТЕУ" Страница 1

назад (Назад)скачать (Cкачать работу)

Функция "чтения" служит для ознакомления с работой. Разметка, таблицы и картинки документа могут отображаться неверно или не в полном объёме!

Тақырыбы: «ЖАЗЫҚТЫҚТАҒЫ САЛУ ЕСЕПТЕРІНІҢ ШЕШІМДЕРІНІҢ БАР БОЛУ ШАРТТАРЫН ЗЕРТТЕУ» МАЗМҰНЫ

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР­­........................................................................4

АНЫҚТАМАЛАР, БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР.................................5

КІРІСПЕ........................................................................................................................7

1 ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ САЛУЛАР ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ ................... 12

1.1.Геометриялық салу есебі және оны шешу.................................................... 12

1.2.Циркуль мен сызғыштың көмегімен салудың аксиомалар жүйесі............ 25

2 ЖАЗЫҚТЫҚТАҒЫ САЛУ ЕСЕПТЕРІНІҢ ШЕШІМІ БАР БОЛУЫ........ 34

2.1.Жазықтықтағы салу есептерін шешу тәсілдеріне сипаттама ........... ..........34

2.2. Салу есебін циркуль мен сызғышпен шешу критериі...................................49

3 ЖАЗЫҚТЫҚТАҒЫ САЛУ ЕСЕПТЕРІНІҢ ШЕШІМІН ТАБУДЫ ҮЙРЕТУГЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР..............................................................................57

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................60

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................................62

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР­­ 1. Назарбек У.Б., Тасыбаева Ш.Б., Кынатова А.А., Серикбаева Б.С. Методические указания по общим требованиям оформления магистерской диссертации (проекта) (для магистрантов научно-педагогического и профильного направления), Шымкент, 2018 г

2. Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген (13.05.2016ж. өзгерістерімен №292) АНЫҚТАМАЛАР, БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР Алгебралық (алгебралық анализ) тәсілімен салу есептерін шығару кезінде келесі есепті шешу керек: кесінділері берілсін және арқылы таңдалған өлшеу жүйесінде олардың ұзындықтары белгіленсін. Ұзындығы берілген кесінділердің ұзындықтары арқылы

(1)

формуласымен белгіленетін кесіндісін салу керек.

Алидада -айнымалы бұрышты өлшейтін құрал. Орта ғасырдағы латын тілінен және арабтың аль-идада – сызғыш деген сөздерінен шыққан.

Аксиома- (көне грекше: ἀξίωμα — лайықты қабылданған қағида) — нанымдылығы ақиқат (шындық) болғандықтан логикалық дәлелдеусіз алынатын қағида; теорияның ақиқат (шындық) ең бастапқы қағидасы.

Астролябия – ежелгі құралдардың бірі. Ол гректің астролябиос , яғни астрон – жұлдыз, лябе – ұстау деген сөздерінен құралған. Кейін құрал дамып, геодезиялық өлшемдер жасауға, оларды сызуға пайдаланылды.

Геометриялық салу— кейбір геометриялық есептерді абсолют дәл деп ұйғарылатын әр түрлі аспаптардың (сызғыштың, циркульдің, тағы басқа) көмегімен шығару. Салу есептері циркуль мен сызғыштың көмегімен, ізделініп отырған нүктелердің координаттары операциялар (қосу, көбейту, бөлу және квадрат түбір табу) саны шекті болып келген өрнек түрінде жазылса ғана шығарылады.

Конструктивтік геометрия - жазықтықтағы геометриялық салуларды зерттейтін геометрияның бөлімі. Конструктивтік геометрияның негізгі ұғымы ретінде «геометриялық фигураны салу» деген ұғым алынады.

Критерий- Орындалуы қандай да бір заңның немесе тәсілдің қолданушылығын қамтамасыз ететін шарт.

Қиылысулар әдісінің мағынасы: салу есебі есептің талаптарынан шығатын және екі шартты қанағаттандыратын бір нүктесін табуға келтіреді. Келесі фигураларды салады:

шартын қанағаттандырады және

шартын қанағаттандырады .

нүктесі