Читать реферат по менеджменту: "Ерлерлерді ж не йелдерді денасаулы ы" Страница 1

назад (Назад)скачать (Cкачать работу)

Функция "чтения" служит для ознакомления с работой. Разметка, таблицы и картинки документа могут отображаться неверно или не в полном объёме!

Ерлерлердің және әйелдердің денасаулығы.

2010 жылдың 2 қарашасында «Ерлердің денсаулығы: ахуалы, проблемалары, шешу жолдары» тақырыбында Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары Ұлттық Орталығымен ұйымдастырылған баспасөз конференциясы өтті.Баспасөз конференциясының жұмысына: Сауле Диқанбаева - Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары Ұлттық Орталығының директоры; Тамерлан Хусаинов – Урология ғылыми орталығының андрология бөлімшесінің меңгерушісі; Тамара Джусубалиева – Репродуктивтік денсаулық институтының директоры; Булат Шалекенов – Алматы мемлекеттік дәрігерлердің білімін жетілдіру институты урология және андрология кафедрасының меңгерушісі қатысты.Біздің үкіметіміз қызметінің басымды бағыты Қазақстанның демографиялық саясаты болып табылады. Президент Қазақстан халқына Жолдауында «демографиялық ахуалды түбегейлі жақсарту бойынша кешенді шаралар әзірлеу қажет» деп атап көрсетті. Демография, халықтың репродуктивтік денсаулығы жайлы сөз қозғалғанда, әдетте, негізгі назар әйелдер денсаулығына аударылады. Ал «ерлер денсаулығының» мәселесі, атап айтқанда халық санын көбейтуге ерлердің қабылеттілігі турасында үнсіздік орын алады. Репродуктивтік қызметті іске асыруда және дені сау ұрпақ дүниеге келтіруде, ерлер атқаратын рөл, әйелдердікінен төмен емес. ҚР Статистика Агенттігінің деректері бойынша 2010 жылдың 01.01 Қазақстан Республикасы халқының саны 16 036,1 мың адамды құрады, оның 7 738,2 мыңы (48.1%) ерлер, әйелдер – 8 297,9 мың (51,9%). Басқа сөзбен айтқанда 1000 еркекке 1078 әйел келеді. Және бұл ара қатынас жылдар өткен сайын өзгеріп отырады. Мысалы, 50-54 жастағы 1000 еркекке – 1 185 әйел; ал 60-64 жастағы 1000 еркекке – 1390 әйел келеді. Қазақстанда қыздарға қарағанда, ұл балалар көп туылады. 2009 жылы 1000 адамға 20,93 қыз және 24,09 ұл туды.2009 жылы Қазақстандағы туылған кездегі өмір ұзақтығы 68,6 жасты құрады. Ерлерде – 63,62 жас, бұл 73,55 жасты құрайтын әйелдер өмір ұзақтығынан 10 жасқа дерлік аз. Мұндай гендерлік айырмашылықтар ұзақ уақыт бойына сақталады. Бұл ахуал, әйелдерге қарағанда, ер адамдарда ауру-сырқаулық пайда болуының негізгі себептері мен өлім деңгейі тәртіптік қауіп-қатер факторларына жоғары дәрежеде тәуелділігімен түсіндіріледі. Мысалы, психоактивті заттарды қолдану бойынша есепте тұрғандардың 88% ерлер үлесінде. Алкоголь қолданатын тұлғалар арасында да осындай көрініс, мұнда ерлер үлесі 89%. Алкогольді тұтынудан болатын психикалық және тәртіптік бұзылыстар ауру-сырқаулығы 100 000 тұрғын халыққа ерлерде 588,6, ал әйелдерде – 70,8 құрайды. АҚТҚ (ВИЧ)- инфекциясын жұқтырғандар арасында еркектер үлесі 71,9% құрайды. Сифилиске шалдығушылық барлық тіркелгендер ішінде 51% еркектерде кездеседі. Ерлер туберкулезге жиірек шалдығады: 100 мың халық санына 121,8%, ал әйелдердегі туберкулезге шалдығушылық – 80,6% құрайды. Жыл сайын республикада 152 мыңға жуық адам қайтыс болады, барлық өлімдердің 56,8% ерлер үлесінде. Өлім себептерінің ішінде көшбасшы рөлін (әйелдермен қатар ерлерде де) қан айналым жүйесінің аурулары алады. Әрі қарай еркектерде жарақаттанулар мен уланулар, ал әйелдерде – онкологиялық дерттер.Өлім себептерінің құрылымында үлкен айырмашылық еңбекке жарамды жаста қайтыс болғандар арасында. Мысалы, еңбекке жарамды әйелдермен (16-58 жас) салыстырғанда, еңбекке жарамды еркектер (16-62 жас)


Интересная статья: Быстрое написание курсовой работы