Читать реферат по педагогике: "Интерактивтік сабак (Интарактивный урок.каз)" Страница 2

назад (Назад)скачать (Cкачать работу)

Функция "чтения" служит для ознакомления с работой. Разметка, таблицы и картинки документа могут отображаться неверно или не в полном объёме!

өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу процесіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін ұйымдастыру.

Интерактивтік оқыту технологиясы. 1) Жұптасып жұмыс істеу.

2) Ротациялық (ауыспалы) үштік.

3) Карусель - Айналмақ.

4) Шағын топтармен жұмыс.

5) Аквариум.

6) Аяқталмаған сөйлем.

7) Миландыру /Мозговой штурм/.

8) Броундық қозғалыс.

9) Есепту ағашы. /Дерево решений/

10) Өз атынан сот. /Суд от своего имени/

11) Азаматтық тыңдау.

12) Ролдік /іскерлік/ ойын.

13) Сығымдау методы. /Метод пресс/

14) Өз позицияңды ұстан.

15) Дискуссия.

16) Дебаттар. Интерактивті оқыту технологиясының аса көп мөлшері белгілі.

Әр ұстаз өз бетінше сыныппен жұмыстың жаңа формаларын ойлап таба алады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып және оған жауап беруді үйрететін, жұптасып жұмыс істеу әдісін сабақтарда жиі қолданылады.

Мысалы; оқушыларға «Карусель» деп аталатын мынадай жұмыс түрі қатты ұнайды; Екі сақина жаслады. Ішкі және сыртқы сақиналар. Ішкі сақина – бұл қозғалмай отырған оқушылар. Сыртқы сақина – бұлар әрбір 30 секунд сайын ауысып тұрады. Осылайша, олар бірнеше минутта бірнеше тақырыпты айтып шығады және әрқайсысы өзінің дұрыстығына әңгімелесушінің көзін жеткізуге тырысады.

Аквариум технологиясының мәнісі сонда, бірнеше оқушы шеңбер ішінде ситуацияны жасырады /разыгрывают/, ал қалғандары оларды бақылап тұрып әрекеттеріне талдау жасайды.

Броундық қозғалыста оқушылар бүкіл сынып ішінде қозғала жүріп берілген тақырыбы бойынша ақпарат жинайды.

Есептеу ағашы – сынып сандары бірдей 3 немесе 4 топқа бөлінеді. Әр топ өз сұрақтарын талдап, ағаштың өздеріне тиісті тармағына (ватман парақ) жауап жазады, содан соң топтар орындарын ауыстырып, көршісінің ағашына өз идеяларын жазады.

«Өз позицияңды ұстан» - деп аталатын интерацияның да пайдасы бар. Қандай да бір ұйғарым, көзқарас оқылады, содан кейін оқушылар «Иә» немесе «Жоқ» деген аймаққа бөлінген тақтаға (плакатқа) барады. Мүмкіндігінше олар өз позицияларын түсіндіргені дұрыс.

Мұғалім мен оқушының интерактивтік шығармашылығы шектелмейді. Оны қойылған мақсатқа дұрыс бағыттай білудің маңызы зор. Бүгінгі шығып жатқан методикалық инновациялар оқытудың интерактивтік методымен байланыстырылған.

Интерактивтік оқыту – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұқбаттасып оқыту болып табылады.

«Интерактивтің» негізгі сипаттамалары қандай? Инетрактивтік оқыту – бұл танымдық әрекеттің арнаулы ұйымдастыру формасы. Ол толық айқындалған және мақсатын алдын-ала болжауға болатын оқыту тұрі. Осындай мақсаттардың бірі оқушы өзінің жетістіктерін, интелектуалдық белсенділігін сезетіндей, оқу барысының өнімділігін арттыратын оқытудың жинақы (компортный) шарттарын жасау. Интерактивтік оқытудың мәнісі сыныптағы барлық оқушы таным процесімен қамтылады, олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері арқылы түсінуге және қарсы әсер етуге (рефлектироват) мүмкіндік алады. Таным процесінде, оқу материалын игеруде, оқушылардың біріккен әрекеттері мынаны білдіреді; әр оқушы өзіне тән ерекше еңбегін сіңіреді, білім, идея, әрекет ету тәсілдерін алмасу үздіксіз жүреді. Сонымен қатар, бұл процес өз-ара қолдау және қайырмыдылық


Интересная статья: Быстрое написание курсовой работы